19 жастағы қыз жаңа туған сәбиін әжетханаға тастаған
Қараша 26, 2020 |
87 |

Батыс Қазақстан облысында жас қыз жаңа туған сәбиін әжетханаға салып жіберген.
E-GAZET.KZ. Оқиға 23 қараша күні Қазталов ауданы Жаңажол ауылында болды. Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, осында тұратын 19 жастағы қыз босанғаннан кейін шақалақты пакетке салып, дәретханаға лақтырған. Қазір өзі ауруханада жатыр. Колледжде қашықтан оқып жатқан қыз толық отбасында тәрбиеленген. Үш баланың үлкені. Қазталов аудандық полиция бөлімінің бастығы Әзілхан Қайырханов оқиғаны растады. Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Қазіргі кезде ҚР ҚК 100-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!
БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!
Өзге де өзекті мақалалар:
- Қазақстандық арал 1,5 миллиард теңгеге сатылымға қойылды
- Аргентина президенті Марадонаның қазасына байланысты үш күндік аза тұту жариялады
- Қазақстандықтар 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап саусақ ізін тапсыруға міндетті деген ақпарат жалған - ІІМ
- Елімізде 820 адам коронавирус жұқтырды
- Елімізде дәрігерлер жалақысы қашан өсетіні белгілі болды
- Елімізде дәрігерлер жалақысы қашан өсетіні белгілі болды
- Дариға Назарбаева Nur Otan атынан сайлауға түседі
- Комаровский коронавирусты жұқтырып алмаудың ең тиімді әдісін атады
- Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
- GGG-дің жекпе-жекке шығатын күні белгіленді