Әблязов тағы 15 жылға сотталды

Желтоқсан 29, 2020 | 482 |

Ресейдің Бас прокуратурасының хабарлауынша, қазақстандық олигарх Мұхтар Әблязовке қатысты сот сырттай үкім шығарды.

E-GAZET.KZ.  «Мәскеу қаласының Таған аудандық соты «БТА Банк» АҚ директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязов, басқарма төрағасы Роман Солодченко, банк қызматкерлері Артур Трофимов, Игорь Кононко, татьяна Параскевич, Анатолий Ерещенко және Александр Удовенкоға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды», – делінген хабарламада.

Оларға «алаяқтық жасады» деген айып тағылған. 2006-2009 жылдары аттары аталған азаматтар банктен 58 млрд рубль жымқырған. Банктің жалпы сомасы 173 млрд теңге болатын шағымын сот қанағаттандырып, Мұхтар Әблязовті 15 жылға сырттай соттады. Сондай-ақ оның сыбайластары да 10 жылдан 13 жылға дейінгі аралықта жазаға кесілді.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: