Аида Балаева: Қазақстандық БАҚ бәсекеге қабілеттілігін көрсетіп келеді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Astana Media Week 2020» ашылуында сөз сөйледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
E-GAZET.KZ. «Жалпы пандемия ақпарат саласына өз әсерін тигізді. Яғни, жарнама берушілер азайып, шығарылымдардың данасы түсіп кетті. Осындай жағдайда көптеген бұқаралық ақпарат құралдары жабылуға мәжбүр болды», - деген Аида Балаева қазіргі уақытта БАҚ құралдары арасында артып келе жатқанын атап өтті.
Министрдің айтуынша қазіргі уақытта қандай БАҚ болсын сағат сайын оқырман мен көрерменнің ықыласын аудару бәсекесі жүріп жатыр.
«Сондықтан әрбір арна сапалы әрі қызықты контент жасауды ойлайды. Әлеуметтік желілер арқылы жұмысын көрсетуге тырысады. Бұл ретте біздің БАҚ жоғары біліктілігі мен бәсекеге қабілеттілігін көрсетіп келеді. Олар өздерінің аудиториясы әр уақытта қызықты болуын тілеймін. Қызықты материалдар ұсынып, көрермендердің жүрегінен жол табуына тілектеспін», - дейді Аида Балаева.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!
БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!
Өзге де өзекті мақалалар:
- · Көлік ұрлаған 22 жастағы жігіт жол апатынан көз жұмды
- · Мұнайдың әлемдік бағасы тағы өсті
- · Apple тағы бір жаңа өнімін таныстырды
- · Байқоңырда өз қызын зорлаған педофил сотталды
- · Коронавирустан тез жазылуға көмектесетін екі тамақ өнімі анықталды
- · Шымбұлақ пен Медеу мұз айдыны қашан ашылады?
- · СІМ Оңтүстік Кореяда қайтыс болған қазақстандыққа қатысты пікір білдірді
- · Алматылық оқушылар ІІ-тоқсаннан бастап білім алудың дәстүрлі форматына біртіндеп көше бастайды
- · АҚШ Covid-19-ға қарсы вакцинаны өз халқына тегін таратады