Ақтөбе облысында елік атқан браконьерлер ұсталды

Қараша 30, 2020 | 152 |

27 қараша күні ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің жасағы елікті заңсыз атумен айналысқан бір топ адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

E-GAZET.KZ. Анықталғандай, 24 қарашада ҚР азаматы Т. өзінің достары – Ақтөбе қаласының тұрғындарын аң аулауға шақырған. Аталған адамдар тобы 3 автокөлікпен 6 дана елікті атқан.

«Жамбыл» шекара бөлімшесінің учаскесінде ұсталған көлікті тексеру кезінде елік ұшасы мен 8 қару табылған.

«Ұсталғандар іс жүргізу шараларын қабылдау үшін Әйтеке би аудандық полиция бөлімшесіне тапсырылды. Қазақстанда 18-20 мың елік бар, оларды аулау тек лицензия бойынша жүргізіледі. Аналықтар әдетте 9 айда өте әдемі, терісінде дақтары бар екі төлді өмірге әкеледі. Олардың өмір сүру ұзақтығы 12 жылға дейін ғана», - делінген ҚР ҰҚК ақпаратында.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: