• Басты бет
  • Қоғам
  • Ақтөбеде 15 жастағы қызбен интимдік қатынасқа түскен бозбалаға сот үкімі шықты

Ақтөбеде 15 жастағы қызбен интимдік қатынасқа түскен бозбалаға сот үкімі шықты

Қараша 24, 2020 | 430 |

Ақтөбеде 17 жастағы жігіт 15 жастағы сүйіктісімен интимдік қатынасқа түскені үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

E-GAZET.KZ.  Кәсіптік лицейдің 2 курс студенті жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Ол үш айдан бері тергеу изоляторында қамауда отырған. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 122-бабы 3 бөлім 1-тармағымен қылмыстық іс қозғалып, бүгін үкім шықты.

"Жаза тағайындалғанда сотталушының кәмелетке толмағандығы ескерілді. Жазасын ауырлататын жағдай анықталған жоқ. Бұрын сотталмаған. Жәбірленушімен татуласқаны және бас бостандығынан айырмауды сұрағаны ескерілді", - дейді судья Қиятбек Мырзабеков.

Айта кетейік, оқиға шілде айында жас ғашықтардың үйден қашып кетуінен басталған. Ата-аналарының ескертуіне қарамастан олар үйде бірнеше рет түнемеген.

Қос ғашық отбасын құрғылары келгенімен, оған ата-аналары рұқсат бермепті. Кейінірек, қыздың анасы полицияға шағым түсіріп, сараптама жасатқан.

Алайда заңның балаларға қатал болатынын білмеген оқушының анасы сараптама жасатқанына өкінетінін айтқан болатын. Тіпті екі тарап та ғашықтардың үйленулеріне қарсы еместіктерін жеткізген. Бірақ сот жігітті кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айырды.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: