• Басты бет
  • Қоғам
  • Алғашқы кездесуге 23 туысын ертіп келген бойжеткеннен жігіті қашып кетті

Алғашқы кездесуге 23 туысын ертіп келген бойжеткеннен жігіті қашып кетті

Қазан 22, 2020 | 333 |

Қытайда романтикалық алғашқы кездесуге 23 туысын ертіп келген бойжеткен сан соғып қалды. Бір топ шақырылмаған қонақты көрген жігіт кездесуден ізін суытқан. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы golos.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

E-GAZET.KZ.  Арудың туыстары жігіттің есебінен тамақтанамыз деген үмітпен мейрамханада ең қымбат тағамдарға тапсырыс береді. Белгілі болғандай, 29 жастағы Сяо жұмысбастылықтан жеке өміріне уақыты болмай жалғыз жүрген екен.

 Бұған алаңдаған анасы арнайы компанияның көмегіне жүгініп, өзіне серік болар бойжеткенді табуға көмектесуін сұрапты. Ақыры алғашқы кездесу күні белгіленіп, жігіт мейрамханада шотты өзі төлеуге уәде еткен.

Алайда ол бойжеткеннің өзімен 23 туысын ертіп әкелетінін мүлде күтпеген. Бірнеше үстелге жайғасқан жігіттің туыстары 20 мың юаньға (шамамен 3000 доллар) тапсырыс береді.

Басы бәлеге қалғанын ұққан Сяо Лю мейрамханадан ізін суытқан. Ол бойжеткеннің қоңырауына жауап бермей қойғандықтан, туыстары амалсыздан өз тапсырыстарына өздері төлеген.

Көп ұзамай жігіт бойжеткенмен байланысқа шығып, тағам төлемінің тек 600 долларын бере алатынын айтқан. Айта кетерлігі, бұл жайтқа бойжеткеннің туыстары әбден ашуланған. Олар жігітті сараң деп бағалаған.

Өзге де соңғы жаңалықтар Telegram желісінде, бізге жазыл! 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: