Алматы әлемдегі ең арзан қалалар рейтингінде бесінші орынға жайғасты

The Economist Intelligence Unit (EIU) әлем елдеріндегі өмір сүру деңгейін зерттей келе, ең арзан әрі ең қымбат әлем қалаларының тізімін жасады. Алматы аталмыш тізімде ең арзан мегаполистердің қатарынан табылған.
E-GAZET.KZ. "2020 жылы әлемдегі өмір сүру деңгейі: Covid-19 тұтыну бағаларына қалай әсер етуде?" деген тақырыппен жария болған EIU есебінде коронавирустың әлем елдерінің 130 қаласындағы тұрғындардың өміріне қалай әсер еткені талданған.
Дәл былтырғы жылдағыдай, Гонконг, Париж бен Цюрих қалалары өмір сүру үшін әлемдегі ең қымбат қаланың көшін бастап отыр.
Сингапур бұл тізімде төртінші орыннан көрінсе, бесінші орынды Осака мен Тель-Авив бөліскен.
Биылғы есепте рейтингке шолу жасаумен қатар, Covid-19 дертінің тұтыну бағасына әсері де зерттелген. Рейтингте тауарлар мен қызметтердің, оның ішінде азық-түліктің, сусындардың, киім-кешек пен тұрмыстық тауарлардың бағалары қарастырылды.
Зерттеушілер қымбат қалалардан өзге ең арзан қалаларды да анықтаған. Бұл рейтингте көшті Дамаск қаласы бастады.
Одан кейінгі орындарды Өзбекстанның Ташкент қаласы, Замбияның Лусака қаласы мен Венесуэланың астанасы Каракас иеленген. Ал Алматы ең арзан қалалар тізімінде бесінші орынға жайғасты.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!
БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!
Өзге де өзекті мақалалар:
- · Әкесінен бала босанды деген оқушы қызға қатысты тың дерек жарияланды
- · Қандастардың тарихи отанына дүние-мүлкімен көшіп келуі мәселесін шешуіміз керек - Бектаев
- · Ұзақ өмір сүру үшін күнделікті қанша уақыт ұйықтаған дұрыс
- · Кейінгі тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
- · Қазақстанда карантин бойынша жаңа шешім қабылданды
- · Қазақстанда ипотеканы жаңаша рәсімдеу жоспарланып отыр
- · Ата-аналар балаларының үй тапсырмасын орындап үлгермейтіндігіне шағымданды
- · Алматы облысында әйел тасжолда босанып қалған
- · “Қазақстанда бәрі сатылады” деп жар салған волейболшы ойыннан қуылды