Алматы облысында әйел тасжолда босанып қалған

Қараша 17, 2020 | 195 |

Алматы облысында әйел тасжолда босанып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап

E-GAZET.KZ. Ведомство мәліметінше, кеше Алматы облысының "Күрті" трассалық медициналық-құтқару пунктіне сағат 14.40-та 20 жастағы жүкті әйел көмек сұрап барған.

"Трассалық пункт фельдшері жүкті әйелді қарай бастаған сәтте оның толғағы басталып кеткен. "Күрті" дәрігерлері сол жерде әйел адамды аман-есен босандырып алды. Құтқарушы-медиктердің сөзінше қыз бала дүниеге келген. Баланың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. Қазіргі уақытта босанған әйел мен бала Алматы облысы Іле ауданының орталық ауруханасына жеткізілді", - делінген хабарламада.

Дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында бала мен ананың өміріне қауіп төнбегені айтылады.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: