Алматыда 1000-ға жуық адам қар тазалауға шықты

Қараша 17, 2020 | 153 |

Алматыда қар жауып, мыңнан астам адам тазалауға шықты, деп жазады nege.kz

E-GAZET.KZ. Алматыда 16 қараша күні кешкі сағат 17:00-де жауа бастаған қар 17 қараша таңғы сағат 04:20 шамасында тоқтады. Осы аралықта қалаға 4-5 см, таулы аудандарда 8-10 см дейін қар түскен.

Көктайғақтың алдын алу үшін жолдарға, қиылыстарға, жол айрықтарға арнайы материалдар себіліп, қар тазалау жұмыстары жүргізілді.

Түнгі уақытта 498 бірлік техника, оның ішінде 155 құм себу көлігі, 490 жұмысшы жұмылдырылды. 17 қараша күні 549 техника мен 1298 жұмысшы жол тазалауға шықты.

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер жолын, қоғамдық көлік аялдамаларын, тұрақ «қалташаларын», саябақтар мен скверлерді тазалау жұмыстары жалғасуда.

Аудандық әкімдіктерде қар тазалау жұмыстарын қадағалау бойынша тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырылды.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: