Алматыда блогер метро вагонына жабысып алған

Қараша 05, 2020 | 156 |

Алматыда блогердің метро вагонына жабысып алғаны түсірілген видео тарады. Құқық қорғау органдарының өкілдері видеоны зерттеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

E-GAZET.KZ. Видеоны экстремалдың өзі түсірген. 

Метро өкілдері бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

"2020 жылдың 2 қарашасында SHERIFF Almaty YouTube каналында "Зацеп метро Алматы" видеосы жарияланды. 

Видео авторы пойыздың бекіту құрылғысына жабысып, "Алмалы" станциясынан "Абай" станциясына дейін барған. Сол кезде жолаушыларға қызмет көрсететін кезекшілер өздерінің қызметтік міндетін атқара отырып, қарама-қарсы платформада жүрген. Блогер осы сәтті пайдаланып, метро вагонына жабысып алған. Барлығы видеобақылау камерасына түсіп қалған.

"Метрополитен" видео авторына қатысты шаралар қолданылуы үшін полицияға арыз жолдады. Ол метродағы ережені бұзып, өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіре отырып, пойыз қозғалысының кестесін бұза жаздады", - делінген хабарламада.

Енді полиция блогерді іздестіріп жатыр.

"Қазіргі уақытта "Метрополитендегі" полиция бөлімінің қызметкерлері ер адамды іздестіріп жатыр. Оның іс-әрекетіне заңға сәйкес құқықтық баға беріледі, - деді полицейлер.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: