Алматыда қоқыс жәшігіне Жириновский есімі берілді

Қараша 06, 2020 | 207 |

Қазақ жастары Алматыдағы қоқыс жәшігіне Жириновский есімін беріп қойды, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

E-GAZET.KZ.  Владимир Жириновскийдің қазақтарды мазақ етіп, сөзбен түйреп тұратын әдеті бар еді. "Қазақстан деген ел адамзат тарихында болмаған. Қазақтарда не мемлекет, не жер болған емес. Қазақстанның солтүстік облыстарының барлығы дерлік орыстың жері", деген.

Кейінірек, Жириновский қазақтың домбырасын "екі ішек, бір таяқ" деп мазақ етті. Тақыр далада ертеден кеш, не тұшымды сөзі жоқ, қазақтың аңыраған әнінен басқаға жарамайтын қу таяқ. "Қазақ тілі деген не өзі? Жазба әдебиеті болмаған ұлтта қайдағы тіл?" деп тілдеді. Қазақ ұлтының намысына тиетін сөздерінен кейін В.Жириновский жақындағы сұхбатында Алматыдағы өзі тұрған Масанчи көшесіне, оқыған мектебіне өз атын бергенін қалайтынын жеткізді.

Біз қазақтың намысшыл жастары Жириновскийді "нон грата" тұлғасы деп танып, Қазақстанға аяқ бастырмау керектігін талап етеміз. Сайқымазақ саясаткердің арманың орындап өзі тұрған Масанчи 79 мекен-жайында орналасқан қоқыс жәшігіне Владимир Жириновский есімін бердік, дейді "Намыс" Жастар қозғалысының өкілдері.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: