Алматыда көп қабатты үйден өрт шықты

Алматыда көп қабатты үйде пәтер өртеніп, қарт әйел жапа шекті.
E-GAZET.KZ. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, өрт таңғы 04:09-да тұтанған. «Өрт сөндірушілер дереу Әуезов ауданындағы 1-шағынаудан №43 мекенжайына жетті. Олар келгенде үшінші қабаттағы пәтер өртеніп жатқан. Тілсіз жау балкон арқылы 4-қабатқа, шатырға өрлеп бара жатты. Қауіпсіз жерге тұрғын үйдің 10 тұрғыны, оның ішінде 3 бала шығарылып үлгерді. Өрт сөндірушілердің әрекетінің арқасында тілсіз жау 34 минутта ауыздықталды», - деді ТЖД баспасөз қызметінен. Өртті сөндіруге 10 техника мен 30 қызметкер жұмылдырылды. Төтенше жағдайдан 80 жастағы қарт әйел жапа шеккен. Жедел жәрдем №7 ауруханаға жеткізілді. Көршілердің айтуынша, әйел жалғызілікті болған, арасында күтушісі ғана келіп жүрген.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!
БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!
Өзге де өзекті мақалалар:
- Қазақстанда жаңажылдық корпоративтер өте ме?
- Павлодарда автовокзал маңынан емізулі бала табылды
- Коронавирус: Көбірек қимылдау керек
- Тоқаев Атамбаевты қабылдады
- Баспана кезегінде тұрғандардың мәселесі қалай шешіледі?
- Жаңа жылдан бастап мүгедектер үшін әлеуметтік көмек порталы ашылады
- 19 жастағы қыз жаңа туған сәбиін әжетханаға тастаған
- Қазақстандық арал 1,5 миллиард теңгеге сатылымға қойылды
- Аргентина президенті Марадонаның қазасына байланысты үш күндік аза тұту жариялады
- Қазақстандықтар 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап саусақ ізін тапсыруға міндетті деген ақпарат жалған - ІІМ