Алматыда митинг өткізуге тыйым салынуы мүмкін

Қазан 20, 2020 | 163 |

Алматыда митинг өткізуге тыйым салу қарастырылып жатыр. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында айтты.

E-GAZET.KZ.   «Қазір карантин шаралары қайта күшейтіліп жатыр. Адамдар көптеп шоғырланатын орындардың бірі - митинг. Сондықтан, оны ұйымдастыруға тыйым салуды қарастырып жатырмыз. Митинг және басқа да жиындарға бір айдай тыйым болған жоқ. Өйткені ауру көрсеткіші төмен еді. Қазір індеттің таралуы көтеріле бастады. Сондықтан осы мәселеге назар бөліп, тыйым салуды қарастырып жатырмыз, – деді ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: