Алматыда саяси реформаны талап ету митингі өтіп жатыр

Қазан 31, 2020 | 255 |

Бүгін, 31 қазанкүніАлматықаласындаШоқанУәлихановескерткішініңалдындабилікмақұлдағанмитингөтіпжатыр. Митинтіұйымдастырыпотырғандар Liberty қорыныңпрезидентіҒалымАғелеуовпен "Ар.Рух.Хақ" қоғамдыққорыныңжетекшісіБақытжанТөреғожина, деп жазады azattyq.org

E-GAZET.KZ.   Алматы әкімдігі митинг өткізуді 12 қазан күні мақұлдады. Оған дейін әкімдік ұйымдастырушылардың екі өтінішін қанағаттандырмаған. Алматы қаласының әкімдігі ғана құқық қорғаушылар Бақытжан Төреғожина мен Ғалым Ағелеуовке митингіге рұқсат берген. Ал Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Семей, Петропавл, Нұр-Сұлтан қалаларында жергілікті билік белсенділердің митинг өткізуіне рұқсат бермеген.

Митинг басында Ғалым Ағелеуов адамдардың көкейдегі мәселелерді билікке жеткізу үшін келгенін айтып, жиынның жоспарымен және регламентімен таныстырды. Ағелеуовтың айтуынша, әрбір спикерге бес минутқа дейін беріледі, жиын үш блоктан тұрады: саяси реформалар мен ұсыныстар, репрессиялар мен саяси тұтқындар және резолюцияның қабылдануы. Ары қарай сөз сөйлеймін дегендерге жол беріледі. Осыдан микрофон кіріспе сөзді айтатын Бақыт Төреғожинаға берілді.

Бүгінгі таңда Қазақстанға саяси реформа қажет. Біздің елімізге өзгерістер қажет. Оның әрқайсысымыз да түсінеміз. Біздің мемлекет өз азаматтарын саяси себептермен қудалайды Төрт белсенді – Дулат Ағаділ, Аманбике Мейірбекова, Серік Оразов, Ғарифолла Ембергенов қаза болды. Бүгінде Қазақстанда 14 саяси тұтқын бар. 202­-ден астам адам саяси себептер бойынша жауапқа тартылып, қудалануда. 202 белсенді, 202 батыр, 202 халық қаһарманы" деді Төреғожина. Құқық қорғаушы одан ары саяси тұтқын саналған азаматтардың аты-жөнін атады.

Митингіде экономист Айман Тұрсынхан да сөз сөйледі.

"Мен саясаткер емеспін, мен жағдайды бақылап, нақты реформалар ұсынатын адаммын. Жер тура бір жарым айдан кейін сатылады. Шаруалар жерсіз қалады. Жер неге сатылды? Өйткені мемлекет толық дефолтта. Біз заң жүзінде жүйені өзгерте алмаймыз. Оған мен де тырысып көрдім. Сондықтан баршаңызды алдағы сайлауда бақылаушы болуға шақырамын!" деді ол.

Өзге де соңғы жаңалықтар Telegram желісінде, бізге жазыл! 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: