Арада 55 жыл өткен соң анасын тапты

Qazaqstan ұлттық арнасындағы "Қымбат жандар" бағдарламасында анасы мен қызы 55 жылдан кейін қауышты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
E-GAZET.KZ. Бақытгүл Айменбетова ана құшағынан айырылып, перзентханада қалған. Кейіннен оны перзентханадан бір отбасы асырап алған. Алайда Бақытгүл 20 жасында туған анасы өзінен бас тартқаны туралы құжатты тауып алады. Оның бір арманы - анасын іздеп табу болған. Табылған құжат арқылы деректер іздеуге кіріскен.
"Перзентхананың мұрағаты өртеніп кетті. Бізде нақты деректер қалмады. Тек аты-жөні жазылған және тұрып жатқан мекенжайы көрсетілген. Бірақ ол мекенжайда үй болмады", - дейді ол.
Бағдарлама ұжымы Бақытгүлдің анасын табылғаны туралы қуанышты хабарды жеткізген. Шығыс Қазақстан облысынан Таразға оқуға түсемін деп келген Бақытгүлдің анасы сол жылдары белгісіз біреу зорлап кеткенін айтқан.
"Осынша уақыт өтсе де, шынымды айтсам, есіме де алғым келмейді", - дейді анасы.
Осылайша амалсыздан сәбиін тастап кетуге мәжбүр болған.
"Бірақ іштей қиналып, тілеуін тілеп жүрдім. Бірақ бала бақытты болса екен, жақсы жерден тәрбие алса екен деп ойладым. Қиянат жасаймын деп өзім де ойлаған жоқпын", - дейді Бақытгүл Айменбетованың анасы.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!
БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!
Өзге де өзекті мақалалар:
- · Бас санитар: Эпидемиологиялық жағдай қиындап барады
- · Желіде Жанболат Ағаділді өлтіріп алғанын мойындаған жас жігіттің видеосы тарауда
- · Студенттер қағазбастылықтан арылуы керек – Шпекбаев
- · Дәрігер Комаровский коронавирус туралы күтпеген дерек айтты
- · Белгияда гейлерге арналып, сәбилер сатылған жәрмеңке өткен
- · Коронавирус жұқтырған Украина президенті ауруханаға жатқызылды
- · Марқұм Дулат Ағаділдің баласын өлтірді деген күдіктілер ұсталды
- · Алматыда сауда үйінде 8 жасар қызды зорламақ болған педофил сотталды
- · Әкім мен ақсақалдар "жолдағы әруаққа" бола құрбан шалды
- · Алматылық оқушылар ІІ-тоқсаннан бастап білім алудың дәстүрлі форматына біртіндеп көше бастайды