Атырауда мұнай суға ағып кетті

Қараша 02, 2020 | 310 |

Атыраулық мұнай өндіруші зауыт құрамында мұнай өнімдері бар суды ағызып жіберген. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

E-GAZET.KZ.  "Мониторинг барысында "АНПЗ" ЖШС-дегі ағынды суларды ағызу нүктесінде құрамында мұнай өнімдері бар ағынды су жіберілгені анықталды", - делінген министрліктің Facebook желісіндегі ресми парақшасында. 

Мамандар ағынды сулардың сынамаларын алып, оларды экология департаментіне қосымша талдау жүргізуге жіберді.

Бүгінде "АНПЗ" ЖШС-ға қатысты жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп жатыр. 

Зауыт өкілдері оқиғаға қатысты түсініктеме берді. 

"1 қарашада биологиялық тазарту құрылыстарының жұмыс режимінде ақау болып, ол уақытша биологиялық шламның нормативтік тазартылған ағындар арнасына өтуіне себеп болды. Бүгінде технологиялық режимді ретке келтіру жұмыстары жүргізіліп, аталған жағдайды тергеуге арналған арнайы мамандар тобы құрылды", - дейді ЖШС өкілдері. 

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

·        Көпбалалы ана атанғандар жәрдемақыны қалай алуы керек?

·        2021 жылы «Әліппе» енгізіледі

·        UFC басшысы аралас жекпе-жек тарихындағы ұлы спортшыны атады

·        Қыз зорламақ болған күдікті 20 минутта ұсталды

·        Ғалымдар өлімге әкеп соғатын тағы бір қауіпті дертті анықтады

·        Елімізде бір тәулікте 442 адам коронавирус жұқтырды

·        Англияда екінші рет локдаун жарияланды

·        Жемқорлар туралы хабарлаған бес шымкенттік 1 млн теңгені бөліп алды

·        Қазақстанда ұн қымбаттауы мүмкін

·        Тайваньда 6 айдан бері коронавирус жұқтырған адам тіркелмеген

·        Шымкент полициясы Желіден 50 порносайт тапты

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: