Түркияда қазақстандық әйел үш айлық сәбиін тастап кетті

Қазан 10, 2020 | 310 |

Түркияның Анталия қаласының тұрғыны үйінің ауласынан үш айлық баланы тауып алған. Анықталғандай, сәбиді анасы, Қазақстан азаматшасы тастап кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

E-GAZET.KZ.  Оқиға туралы түріктің Akdeniz Gerçek басылымы хабарлады.

Кеше, 8 қазан күні шұғыл қызмет көрсету орталығына Анталия тұрғыны хабарласқан. Әйел көпқабатты үйдің бақшасынан 3 айлық баланы тауып алғанын айтқан.

Сәби заттарымен бірге арбада жатқан. Нәресте бірден ауруханаға жеткізілген. Ал құқық қорғау органдары оның әкесін іздеп тапқан.

Тағы да оқыңыз:

33 жастағы түрік азаматы ұлының анасымен, яғни 31 жастағы Қазақстан азаматшасымен болғанын айтты.

Сәбидің әкесі әйелі баласын не үшін тастап кеткенін білмейтінін жеткізді.

Сонымен қатар ер адам жұбайының үстінен прокуратураға арыз жазған. Бала әкесіне табысталған.

Өзге де соңғы жаңалықтар Telegram желісінде, бізге жазыл! 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: