• Басты бет
  • Қоғам
  • Белгілі психолог Жаңа жылға дейін жүзеге асыру керек істердің тізімін айтты

Белгілі психолог Жаңа жылға дейін жүзеге асыру керек істердің тізімін айтты

Желтоқсан 22, 2020 | 355 |

Белгілі психолог, психотерапевт Айна Громова Жаңа жылға дейін барлық адам жүзеге асыру керек істердің тізімін жасады деп жазады life.ru.

E-GAZET.KZ.  Оның сөзінше, 2020 жылдың соңына дейін ескі және қажет емес заттарды сұрыптап, олардан арылған дұрыс.

Сонымен қатар көптен бері көрмеген жақын жандармен кездесіп, өзіңізге қымбат адамдармен татуласып үлгеру маңызды.

"Біріншіден, қажет емес заттардан арылуға кеңес берер едім. Мүмкін біреуге сыйларсыз, қайырымдылыққа берерсіз, тіпті сатып жіберуге болады. Яғни, қандай да бір кеңістікті сезіну үшін артық заттардан арылу қажет. Ренжісіп қалған жақындарыңыз болса, татуласып үлгеріңіз. Себебі жаңа жылға жағымсыз әрі ауыр сезімдермен кіруге болмайды. Сонымен қатар үнемі кейінге қалдырып жүрген, өзіңіз үшін әдеттен тыс істі жасау маңызды", - деді Айна Громова.

Психологтың айтуынша, ондай жаңа іс-әрекет адамға жақсы әсер етеді. Одан бөлек, қайырымды іс жасау да маңызды. Одан бөлек, сарапшы дамның өзі дайын болмайынша, жаңа өмір басталмайтынын айтып өтті.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: