Біртановтың адвокаты: “Келтірілген күдік негізсіз”

ҚР Денсаулық сақтау министрі болған Елжан Біртановқа келтірілген күдік негізсіз, оның ешқандай кінәсі жоқ, - дейді оның адвокаты Дмитрий Куряченко
E-GAZET.KZ. Адвокат Біртановқа қатысты іс сұрақ-жауап алу деңгейінде - тергеу түрінде жүріп жатқанын айтады.
- Келтірілген күдік негізсіз, - дейді ол.
Ол белгілі дәрігерлер мен қоғам қайраткерлері араға түсіп, жазған хаттары істе маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
- Заңда жекелеген адамдардың мінездемесі, кепілдік беруі қарастырылған, өйткені ол сотта белгілі бір рөл атқарады. Ал азаматтардың жеке пікірін тыңдап, оны ескеруі, заңның осы бір тұсын пайдалану жағы сотқа байланысты, - деді Куряченко.
- Экс-министр өзін кейбір азаматтардың қолдап жатқанын біліп отыр және оларға алғысы шексіз, - деді ол.
3 қарашада Қаржы мониторингі комитеті Елжан Біртановтың қамауға алынғанын хабарлады. Оның бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінгені аталды. Ол қазір Нұр-Сұлтандағы уақытша ұстау изоляторына қамалған.
5 қарашада Қазақстандағы танымал дәрігерлер оны қолдап ашық хат жазды. Олар әріптесінің кінәсіне сенбейді әрі экс-министрді босатуды сұрайды және істің әділ тергелуін талап етеді. Олар сондай-ақ петицияға қол жинай бастады.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!
БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!
Өзге де өзекті мақалалар:
· "Шоқ қыздар" әні үндістандық TikTok-та хитке айналды
· Алаңғасар азамат қателесіп, 26 мың долларын қоқыс жәшігіне лақтырып жіберген
· Коронавируспен күреске 154 млрд жұмсағандар енді 238 млрд сұрайды
· Тазабеков діни сеніміне қатысты шындықты айтты (ВИДЕО)
· Алматыда блогер метро вагонына жабысып алған
· Оралдық кәсіпкер көпбалалы анаға пәтер кілтін табыс етті
· 3 мың жұмысшы 1 млрд теңгеден астам жалақысын ала алмай отыр
· Вирусолог коронавирусты қайта жұқтыруға әсер ететін факторды атады
· Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы 4,6 мың еуролық күртешені қайдан алғанын түсіндірді