Дариға Назарбаева Nur Otan атынан сайлауға түседі

«Nur Otan»-ның Мәжіліс сайлауына 126 кандидаттан тұрады партиялық тізімі бекітілді. Олардың ішінде 77 кандидат партияішілік праймериз қорытындысы, ал 49 адам орталық партиялық квота бойынша анықталған.
E-GAZET.KZ. Тізімнің үштен бірі – әйелдер. Кандидаттардың арасында бұрынғы Сенат төрағасы Дариға Назарбаева, премьер-министр Асқар Мамин, мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан, премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, Парламенті мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» төрағасы Ахметжан Есімов пен «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек бар.
Кандидаттардың жалпы тізімінде Парламент Мәжілісінің қызметтегі депутаттары 20%-тен аспайды, мемлекеттік басқару саласының өкілдері — 13%, білім және денсаулық сақтау саласы – 12%, үкіметтік емес ұйымдар – 9% және өнеркәсіп – 8% болды.
Сондай-ақ, экономистер – 28%, заңгерлер – 20%, кәсіпкерлер – 17%. Ал 21 үміткердің ғылыми дәрежесі бар, оның ішінде 10-ы – ғылым докторы, 11-і – ғылым кандидаты.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!
БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!
Өзге де өзекті мақалалар:
- Комаровский коронавирусты жұқтырып алмаудың ең тиімді әдісін атады
- Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
- GGG-дің жекпе-жекке шығатын күні белгіленді
- Қазақстан коронавируспен күресу үшін 1,5 млрд еуро қарыз алмақ
- Сағынтаев Алматының экологиялық ахуалы туралы айтты
- Суши жеген бес жасар қыз көз жұмды
- Илон Маск Билл Гейтсті басып озып, әлемдегі ең бай адамдар тізімінде 2-орынға көтерілді
- Ақмолада әкімдік жүргізушісі оқушының өліміне себеп болды
- "Үшінші толқыны болуы мүмкін": ДДСҰ маңызды мәлімдеме жасады
- Тағы да 42 500 теңге төленіп жатқаны рас па?
- Желтоқсанда қазақстандықтар қанша күн демалады?