Діни басқарма жұма намазына қатысты мәлімдеме жасады

Қараша 06, 2020 | 286 |

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ел тұрғындарын үкіметтің мешіттерде жұма намазын оқуды уақытша тоқтату туралы шешіміне мойынсұнуға шақырды.

E-GAZET.KZ.  Айта кетейік, мемлекеттік ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша 2 қарашадан бастап барлық мешітте бес уақыт намазды жамағатпен оқуға рұқсат берілген болатын. Алайда жұма намазы уақытша оқылмайды.

"Осыған орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұсылман қауымын мемлекет заңына мойынсұнуға және түрлі арандатушылық әрекеттерге салынбауға шақырады. Өйткені Әбу Ханифа мәзһабында жұма намазы дұрыс болу үшін мемлекет басшысы немесе оның орынбасары рұқсат (изн ғам) беруі шарт", - делінген хабарламада.

Діни басқарма Ханафи мәзһабында: "Жұма намазын оқуға рұқсат етілмеген жағдайда, бесін намазы күндегідей жамағатпен оқылады", – делінген дегенді еске салды. "Жұма күні бесін намазын мешіттерде санитарлық талаптарды сақтай отырып жамағатпен оқуға рұқсат етіледі немесе үйінде оқиды", - дейді мүфтиятың баспасөз қызметі.   

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы халықты үкіметтің жұма намазын уақытша тоқтатуға қатысты шешіміне түсіністікпен қарауға және оған сабырлық танытуға шақырды.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

·         "Шоқ қыздар" әні үндістандық TikTok-та хитке айналды
·         Алаңғасар азамат қателесіп, 26 мың долларын қоқыс жәшігіне лақтырып жіберген
·         Коронавируспен күреске 154 млрд жұмсағандар енді 238 млрд сұрайды
·         Тазабеков діни сеніміне қатысты шындықты айтты (ВИДЕО)
·         Алматыда блогер метро вагонына жабысып алған
·         Оралдық кәсіпкер көпбалалы анаға пәтер кілтін табыс етті

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: