Екі жылда 40 фильм түсіріледі

Қазан 14, 2020 | 134 |

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы 40-қа жуық фильм түсіруді қолға алады.

E-GAZET.KZ. Мұнша жоба үшін бұрын-соңды мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінбеген. Туындылардың кейбірін жыл соңына дейін дайындау жоспарланып отыр. Ал басым бөлігі келер жылы түсіріледі. Татарстан және Венгриямен бірлескен картиналар жарыққа шығады. Сонымен қатар Жеңіс құрметіне арналған бірнеше фильм әзірлеу көзделіпті. Дегенмен киноиндустрия өкілдерінің айтуынша, түсірілім жұмыстары мүлде тоқтаған емес. 

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы басқармасы төрағасының орынбасары Айдар Баталов: «Кинотүсірушілер коронавирус инфекциясына қатысты қалыптасқан қиын жағдайға қарамастан түсіністік танытты. Өздерінің өндірістік бюджетін қысқартты. Кейбір картиналарға кететін шығынды бес проценттен 20 процентке дейін азайтты» деді. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының өкілдері кинотеатрлардың тезірек ашылғанын қалап отыр. Себебі коронавирус пандемиясы салдарынан бұл сектор миллиардтаған шығанға батқан. Жеті мыңнан астам адам жұмыссыз қалған көрінеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: