Елбасының бейнеүндеуі жарияланды

Қараша 30, 2020 | 202 |

Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық қауіпсіздік және жаһандық ядролық диалогты қалпына келтіру мәселелері жөніндегі халықаралық онлайн-конференцияға қатысушыларға арнаған видеоүндеуі жарияланды

E-GAZET.KZ. «COVID-19 пандемиясы теңдесі жоқ дағдарысты тудырды, бірақ адамзат өз тарихында бірнеше рет осындай деңгейдегі қиындықтарға тап болып, жеңіске жетті. Халықаралық қоғамдастық осы стресс-тесттен сәтті өтіп, жеңімпаз атанатынына сенімдімін.

Биыл әлем қайғылы күнді атап өтті - 75 жыл бұрын алғаш рет ядролық қару қолданылды. Содан бері адамзаттың бірнеше ұрпағы өсіп, Хиросима мен Нагасаки апаттары біртіндеп ұмытыла бастады. (...)», - деді Елбасы үндеуінде.

Елбасының айтуынша, «ядролық бестікке» де-факто ядролық қаруларға ие мемлекеттер де қосылған. Оларға бұл қаруға ие болуға жақын елдерді тағы қосуға болады.

Сондай-ақ, Назарбаев үндеуінде қазақстандықтарға алғыс білдіре отырып, әлем ядролық қарудан біржола құтылады деген сенімді екенін білдірді.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: