Елордада газ ұрлаудың алғашқы әрекеті тіркелді

Қараша 04, 2020 | 92 |

Нұр-Сұлтан қаласында елорда үшін жаңа қылмыс түрі – табиғи газ ұрлау әрекеті тіркелді, деп хабарлайды "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ баспасөз қызметі.

E-GAZET.KZ. Көктал-2 ықшам ауданының тұрғыны жерасты газ құбырына заңсыз қосылып, табиғи отынды ұрламақ болған. Бұл деректі көшедегі газ құбырларына тексеру жүргізген газ мамандары анықтады.

Ұрлаудан бөлек, газды тұрмыста пайдалану талаптарын сақтамаудың мұндай әрекеті ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін. Біріншіден, бекітілген талаптарды өрескел бұзып, сақтық шараларын сақтамай, құбырға рұқсатсыз қосылу салдарынан газ ауаға тарап, бір жерге шоғырланып, шегіне жеткенде кейде жарылысқа себеп болыфп жатады. Болуы мүмкін қайғылы жағдайды  айтпағанда, жарылыс салдарынан тұрғындар қыруар материалдық шығын шегеді.

Заңға сәйкес, газбен жабдықтау жүйесіне рұқсатсыз қосылу қылмыс  болып саналады. Осы дерек бойынша Нұр-Сұлтан қаласының тергеу органдары қылмыстық іс қозғап, тексеру бастады.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ қызметкерлері тұтынушыларға газбен жабдықтау жүйесіне қосылуға техникалық шарттар беру бойынша жұмыс жүргізуде.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

 

 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: