• Басты бет
  • Қоғам
  • Елуден асқан екі әйел фермердің алқабынан 24 қап шемішке ұрлап кетті

Елуден асқан екі әйел фермердің алқабынан 24 қап шемішке ұрлап кетті

Қазан 20, 2020 | 153 |

 

Қазан айының басында Көкпекті ауданы Самар полиция бөлімінің кезекші бөліміне фермерлік шаруашылық басшысынан оның учаскесі аумағынан белгісіз тұлғалар күнбағыс дәндері салынған қаптарды ұрлағаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды zakon.kz ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

E-GAZET.KZ. Қылмыс орнына барған жедел уәкілдер қаскөйлер қалдырған айғақтарды алуды, іздерді тіркеуді, саусақ іздерін алуды жүзеге асырды, жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарынан сұрау жүргізді, сондай-ақ аулаларды аралап тексерді.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұрлыққа екі әйел адамның қатысы болуы мүмкін деген ақпарат алды және қысқа мерзімде полицейлер күдіктілердің жеке басын анықтады. Олар сол ауылдың 51 және 53 жастағы тұрғындары болып шықты.

Ұрылар қолайлы сәтті пайдаланып, күнбағыс алқабынан жалпы сомасы шамамен 70 000 теңге тұратын 24 қап күнбағыс дәнін ұрлағаны анықталды. Оңай олжаны қаскөйлер иелене алмады, полицейлер оларды тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.

Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі 1 -тармағы (адамдар тобының алдын ала сөз байланысуымен жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Аталған баптың санкциясында мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi (8 млн 334 мың теңге) мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сол мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: