• Басты бет
  • Қоғам
  • Ғалымдар өлімге әкеп соғатын тағы бір қауіпті дертті анықтады

Ғалымдар өлімге әкеп соғатын тағы бір қауіпті дертті анықтады

Қараша 02, 2020 | 248 |

Америкалық ғалымдар ер адамдарда тромбтар мен безгектің пайда болуынан туындайтын және өлімге әкеп соғатын жаңа ауруды анықтады. Азаматтар 40 пайыз жағдайда өмірмен қош айтысуы мүмкін.

E-GAZET.KZ.Тиісті ғылыми-медициналық мақала 27 қазан күні The New England Journal of Medicine журналында жарияланды. Басылымда VEXAS науқастарында безгек, тромбтың пайда болуы, сондай-ақ өкпе тінінің қабынуы байқалатыны айтылады.

Сондай-ақ ауру өкпе мен шеміршек тініне әсер ететін қабыну процестері түрінде көрінуі мүмкін. Бұл патологияны генетикалық мутация тудыратыны белгілі. Алдымен ауру үш ер адамда анықталды, содан кейін тағы 22 адамда расталған.

Зерттеу аяқталғаннан кейін тағы 25 науқасқа осы диагноз қойылған. Ғалымдар науқастардың нақты саны көп болуы мүмкін деп отыр. Олар сондай-ақ пациенттерге ешқандай емдеу көмектеспейтінін айтады.

"Бұл науқастар шынымен қатты ауырады. Оларға стероидтардың көп дозасынан бастап химиотерапияның түрлі нұсқасына дейін ештеңе көмектеспейді", - дейді мақала авторы Дэн Кастнер NBC News басылымына.

Айта кетейік, Кембридж университетінің ғалымдар тобы коронавируспен ауырған кемінде әр жүзінші науқастың соңында инсульт алатынын анықтаған еді.

Ғылыми зерттеудің нәтижелері International Journal of Stroke басылымында жарияланды.

Ал Еуропадағы коронавирус инфекциясын жаңа жұқтыру жағдайларының 80%-ына мутацияланған коронавирус себеп болып отыр.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

·        Елімізде бір тәулікте 442 адам коронавирус жұқтырды

·        Англияда екінші рет локдаун жарияланды

·        Жемқорлар туралы хабарлаған бес шымкенттік 1 млн теңгені бөліп алды

·        Қазақстанда ұн қымбаттауы мүмкін

·        Тайваньда 6 айдан бері коронавирус жұқтырған адам тіркелмеген

·        Шымкент полициясы Желіден 50 порносайт тапты

 

 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: