• Басты бет
  • Қоғам
  • Илон Маск әлемнің ең бай адамдары тізімінде үшінші орынға шықты

Илон Маск әлемнің ең бай адамдары тізімінде үшінші орынға шықты

Қараша 18, 2020 | 69 |

Кәсіпкер әрі миллиардер Илон Маск жер бетіндегі үшінші ең бай адам атанды. Оның Tesla компаниясы S&P 500 индексіне қосылатындықтан Маск Марк Цукербергті басып озған деп хабарлайды Bloomberg.

E-GAZET.KZ. Дүйсенбі, 16 қарашада Tesla компаниясының акциялары сауда-саттық аяқталғаннан кейін 15%-ға өскен. Ал 17 қарашада акциялар 8,2%-ға өсіп, нәтижесінде Масктың байлығы 7,6 млрд долларға артып, 109,7 миллиард долларға жетті.

Оның байлығы биыл 82,2 миллиард долларға өсті және бұл әлемдегі ең бай 500 адамның ең үлкен өсімі.

esla S&P 500 индексіне 21 желтоқсанда кіріп, топтың тарихындағы ең ірі жаңа компания болмақ. Енді Илон Маск жер бетінің ең бай адамдары тізімінде Билл Гейтс пен Джефф Безостан кейін тұр.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: