• Басты бет
  • Қоғам
  • Каспий теңізінде енесін іздеген итбалық желі қолданушыларын тәнті етті

Каспий теңізінде енесін іздеген итбалық желі қолданушыларын тәнті етті

Желтоқсан 08, 2020 | 167 |

Каспий теңізіндегі жаңадан туған итбалық Желі қолданушыларын тәнті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

E-GAZET.KZ.  Видео экобелсенді Сәкен Ділдахметтің Instagram желісіндегі парақшасында пайда болды. 

"Ананы іздеу! Каспий теңізі, жаңадан туған итбалық", - делінген жазбада.  

"Адам сияқты айғайлайды ғой", "Недеген тәтті дауыс", "Сондай тәтті", - дейді Желі қолданушылары. 

Сәкен Ділдахметтің сөзінше, видео былтыр Солтүстік Каспий акваториясында түсірілген. 

"Ол ақпанда туған. Артынан енесін тапты. Итбалықтар негізі мұздың үстінде туады. Күшіктері жүзе алмайды. Мұздың үстінде өмір сүреді. Енелері мұзды тесіп, бір шығып, бір кіріп қарап отырады", - дейді Сәкен Ділдахмет. 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: