Қарағанды облысында үш тонна мұнай төгіліп қалған

Желтоқсан 01, 2020 | 151 |

Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында 3 тонна мұнай қалдығы жерге төгіліп қалған, деп хабарлайды nege.kz 24.kz-ке сілтеме жасап

E-GAZET.KZ.  Алдын ала ақпарат бойынша жеке компанияға тиесілі мұнай тасымалдайтын көлікпен 10 тонна шикізат тасымалдап бара жатқан 1995- ші жылғы жүргізуші көлік бортын ашып жіберген. Салдарынан 10 шаршы метр жерге мұнай қалдығы төгіледі. Оқиға Жұмажанов атындағы ауылдық округі маңында болыпты. Енді қоршаған орта мен жер қатпарына қаншалықты зиян келгенін экологтар анықтайтын болады. М.Жұмажанов ауылдық округінің әкімі Думан Бүкірбаев:

– Қазіргі таңда қалдықтарды тазалау жұмыстары жүргізілді. Толығымен тазалап, аяқтауға жақынбыз. Барлық материалдар жиналып, құзырлы органдарға жіберіледі.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: