• Басты бет
  • Қоғам
  • Қарағандыда порноактрисаны ұстау сәтінен видео пайда болды

Қарағандыда порноактрисаны ұстау сәтінен видео пайда болды

Қазан 30, 2020 | 634 |

Қарағандыда өзінің қатысуымен түсірілген порнографиялық видеоларды әлеуметтік желілерде таратқан бойжеткен ұсталды деп хабарлайды polisia.kz.

E-GAZET.KZ.   Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізген Қарағанды облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Instagram және Telegram желілерінде порнографиялық материалдар жариялау фактісін анықтады.

Порнографиялық видеолар тек Қазақстанға ғана емес, басқа да мемлекеттерге тараған. “Hi-tech” жедел-алдын алу іс-шаралары барысында жедел уәкілдер бейнежазбаның авторын анықтады.

Видеоны Қарағанды қаласының тұрғыны таратқан болып шықты. Ол бір топ адаммен бірге өзінің қатысуымен бейнежазбалар түсіріп, видеоны әлеуметтік желі арқылы сатып отырған. Мұндай бейнежазбалардың бағалары да желіде жария болған. Мәселен, бес минуттық интимдік бейнежазба 7 мың теңге немесе 1200 ресей рубліне бағаланса, алдын ала тапсырыс бойынша бейнежазба 17 мың теңге немесе 3 мың ресей рубліне бағаланған.

Ал басты рөлдегі бойжеткенмен интимдік кездесу құны 300 долларға дейін барған.

27 қазанда Қарағанды облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіні ұстады. Оның заңға қайшы әрекеттеріне байланысты айғақ заттар тәркіге алынған.

"Қылмыстық кодекстің 311-бабына (Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер оның серіктестерін анықтау және іздеу бойынша кешенді іс-шаралар өткізуде", – деді Қарағанды облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Ислам Мусин.

Өзге де соңғы жаңалықтар Telegram желісінде, бізге жазыл! 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: