• Басты бет
  • Қоғам
  • Қатаң карантин енгізілсе, 160 мың қазақстандық жұмыссыз қалуы мүмкін - министр

Қатаң карантин енгізілсе, 160 мың қазақстандық жұмыссыз қалуы мүмкін - министр

Қазан 10, 2020 | 133 |

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстанда қатаң карантин қайта енгізілсе, не болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

E-GAZET.KZ.   "Біздің "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" ең нашар нұсқаны есептеп, баға берді, сәуір-мамыр айларында болған карантиндік шараларды еңбек нарығындағы қазіргі жағдайға есептеді", - деді Нұрымбетов ОКҚ-да өткен брифингте.

Оның айтуынша, егер үкімет дәл осындай қатаң шаралар қабылдауға мәжбүр болса, шамамен 4 миллион адам жұмыс орнын сақтап қалады.

"2,5 миллионға жуық адам қашықтан жұмыс істеуге ауысады. 2 миллионға жуы адамның жұмыс уақыты қысқартылады. Біздің сарапшылардың пікірінше, егер осындай қатаң карантин болса, өткен жолғыдай тағы 160 мың адам жұмыстан шығарылып, жұмыссыз қалуы мүмкін", - деді еңбек министрі.

Өзге де соңғы жаңалықтар Telegram желісінде, бізге жазыл! 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: