• Басты бет
  • Қоғам
  • Қазақстан Қырғызстанға 2 млн бетперде мен 400 аппарат жібереді

Қазақстан Қырғызстанға 2 млн бетперде мен 400 аппарат жібереді

Қараша 17, 2020 | 144 |

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке коронавируспен күрес аясында Қырғызстанға гуманитарлық көмек көрсетуді тапсырды.

E-GAZET.KZ. Қырғызстанға 400 өкпені жасанды желдету мобильді аппараты және Қазақстан кәсіпорындарында өндірілген 2 миллион медициналық маска жеткізіледі. Шешім қырғыз тарапының халықты медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мақсатында ресми түрде жүгінуіне байланысты қабылданды.

Бұған дейін Қырғызстанның сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев қазақстандық әріптесі Мұхтар Тілеубердімен кездесуде қаржылай-техникалық көмек пен дәрі-дәрмекпен көмектесуді сұрады.

Кейін ақордадағы қабылдауда президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл үшін барлық мүмкіндік қарастырылатынын айтты.

«Бауырлас қырғыз елінің болашағына алаңдаймыз. Сондықтан Қырғызстанға көмек көрсету үшін барлық мүмкіндіктерді қарастырамыз. Бұған дейінгі келісімдер негізінде екі ел арасындағы қарым-қатынастарды дамытуды жалғастыра береміз», – деді мемлекет басшысы.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: