Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстері қысқарады

Қараша 03, 2020 | 68 |

2 қарашада Үкімет басшысы Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті.

E-GAZET.KZ.  Санитарлық-эпидемиологиялық ахуал және COVID-19-дың екінші толқынына дайындық туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, жеке қорғаныш құралдарының баға саясатын мониторингілеу жұмысы туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин, санитарлық талаптардың сақталуын бақылау туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, өңірлердегі ахуал туралы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтұғұтов баяндады.

2 қарашадағы жағдай бойынша ҚР көптеген өңірінде сырқаттану өсімі байқалады. 5-18 қазан аралығында елімізде вирусты жұқтырған 1272 адам, 19 қазан мен 1 қараша аралығында 3352 адам анықталды. Тәулігіне 442 адам ауырды. Өсу қарқыны 0,4%-ды, репродуктивтілік көрсеткіші 1,4-ті құрайды. Инфекциялық төсек орындары 22%-ға, реанимациялық орындар 18%-ға жүктелген.

Бір ай ішінде сырқаттану деңгейінің ең жоғары өсімі Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында байқалады.

Үкімет басшысы бизнес субъектілері мен халықтың шектеу шараларын және карантин режимін сақтауын бақылау жөніндегі мониторингтік топтар қызметінің тиімділігін арттыруды тапсырды.

Премьер-министр барлық өңірлер тұрақтандыру қорларын Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтеріне дейін жеткізу бойынша алға қойылған міндетті орындағанын атап өтті.

Үкімет басшысы емханаларды, стационарларды, жедел жәрдем қызметтерін қажетті жабдықпен толықтыруды жалғастыруды тапсырды.

Цифрландыру және денсаулық сақтау министрліктеріне ауруды жұқтырғандармен байланыста болған адамдарды, науқастарды қадағалау, санитариялық талаптардың сақталуына мониторинг жасау жөніндегі бағдарламаларды әзірлеп, енгізуді жеделдету, Индустрия министрлігіне өңірлерге рентген аппараттарын, жедел жәрдем автокөліктерін жеткізуді жылдамдату, әкімдіктерге оларды қабылдауды тездету тапсырылды.

ВАК бірқатар шешім қабылдады:

І. Мына азаматтар үшін мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібіне өзгерістер енгізу:

  • ҚР аумағында тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер, олардың отбасы мүшелері үшін;
  • ҚР азаматтарының отбасы мүшелері болып табылатын шетелдіктер үшін.

Аталған санаттағы тұлғалар ҚР мемлекеттік шекарасын 90 тәулікте 1 реттен артық кесіп өте алмайды (бұған дейін 30 тәулік болған).

II. Визасыз режим бойынша:

57 елдің азаматтары үшін визасыз режимді тоқтата тұруды 2021 жылғы 1 мамырға дейін ұзарту.

ҚХР мен Үндістаннан келетін транзиттік жолаушылардың ҚР аумағында 72 сағат визасыз болуын тоқтата тұруды 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзарту.

IІІ. Түркиямен әуе рейстері бойынша:

2020 жылғы 9 қарашадан бастап Түркиямен халықаралық әуе рейстерінің санын аптасына 33-тен 20-ға дейін қысқарту.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

·        COVID-19: Қазақстанда тағы 449 адам вирус жұқтырды

·        Атырауда мұнай суға ағып кетті

·        Көпбалалы ана атанғандар жәрдемақыны қалай алуы керек?

·        2021 жылы «Әліппе» енгізіледі

·        UFC басшысы аралас жекпе-жек тарихындағы ұлы спортшыны атады

·        Қыз зорламақ болған күдікті 20 минутта ұсталды

·        Ғалымдар өлімге әкеп соғатын тағы бір қауіпті дертті анықтады

 

 

 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: