Қазақстанда азық-түлік бағасы 9,6 пайызға өсті

Жыл басынан бері азық-түлік тауарларының бағасы –9,6%, азық-түлік емес тауарлар –5,1%, ақылы қызметтер 3,8% жоғарылады, деп жазады kazholanews.kz
E-GAZET.KZ. Статистика комитетінің мәтілемінше, қарашада (2020 жылғы қазанға) бағаның өсуі күнбағыс майына – 10,7%, жаңа жиналған көкөністерге– 8,5%, құмшекерге – 6,8%, жұмыртқаға – 4,6%, картопқа – 3,8%, жармаларға – 2,1%, айранға – 1,1%, ұнға – 1%, сүтке, сары майға – 0,8%-дан, макарон өнімдеріне 0,7% белгіленді.
Темекі өнімдері 0,6% қымбаттады. Бағаның төмендеуі тауықтың сирағына – 1,8%, алмаларға – 1%, сөкке 0,5% тіркелді.
Баға өсімі жеке көлік құралдарына арналған қосалқы бөлшектерге – 1,5%, ыдыс-аяққа – 1,4%, алтыннан жасалған зергерлік бұйымдарға– 1,2%,жуғыш және тазалағыш құралдарға – 1%, тұрмыстық аспаптарға – 0,9%, киім және аяқ киімге, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 0,7%-дан, планшеттерге – 0,6%, дәрі-дәрмекке, жеке қолданылатын тауарларға, автомобильдерге 0,5%-данқұрады. Қысқы дизель отыны 2,8% арзандады.
Баға деңгейі кинотеатрлар қызметтеріне – 6,2%, спорттық кешендер қызметтеріне – 1,3%, стоматологиялық қызметтеріне – 1%, моншаға бару, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне– 0,9%-дан, шаштараздар мен сұлулық салондар қызметтеріне 0,7% өсті. Әуе көлігімен жол жүру ақысы 0,9% арзандады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер ыстық суға – 6,2%, орталықтын жылытуға – 4,5%, қоқыс шығару – 1,6%, суық суға – 0,9%, электр энергиясына – 0,5%, кәрізге – 0,2% өсті.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!
БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!
Өзге де өзекті мақалалар:
- Нью-Йоркте 170 мың адамға COVID-19 вакцинасы егіледі
- Хабиб Нурмагомедов Қазақстанда турнир өткізбек
- Байқоңыр тұрғындары табиғи газ тұтынатын болды
- 150-ден астам отбасы баспаналы болды
- Қарағанды облысында үш тонна мұнай төгіліп қалған
- Бір апта бұрын жоғалған БҚО тұрғынының денесі өзеннен табылды
- Коронавирусқа шалдыққан 30 науқастың жағдайы аса ауыр
- Түркияда демалыс күндеріне локдаун енгізілді
- Түркістан халықаралық әуежайы жарамдылық сертификатын алды
- Теміртаудағы бизнесменнің өліміне қатысты тың деректер пайда болды