Қазақстанда күріш пен мақта алқабын азайту ұсынылды

Желтоқсан 22, 2020 | 236 |

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев су тапшылығын болдырмау үшін күріш пен мақтаның егістік алқабын азайтуды ұсынды, деп хабарлайды Taunews.kz.

E-GAZET.KZ.  "Біздің есептеулерімізге сәйкес, су тұтынудың қазіргі үрдісі (1,5 миллион гектарға 13,3 км³) сақталса, болжамды тапшылық 2030 жылға қарай 11,7 км³ құрауы мүмкін. Осыған байланысты, қазірдің өзінде су тұтынуды қысқарту бойынша шараларды жүзеге асыру қажет", - деді министр.

Су тапшылығын болдырмау үшін күріш егісін 29 мың гектарға, атап айтқанда, Қызылорда (15 мың га), Алматы (10 мың га) және Түркістан (4 мың га) облыстарында азайту қажет. Бұл бір текше километр суды үнемдеуге мүмкіндік береді. Кемінде 750 мың гектар алқапта суарудың су үнемдеуші технологияларын енгізуді жалғастыру керек. Бұдан орташа алғанда 30%-ке дейін немесе 2,2 км³ су үнемделеді. Ұзындығы 6 мың км суару желілерін қайта жаңарту және 119 негізгі магистралдық каналда цифрландыруды жаппай енгізу есебінен жылына екі текше километр су үнемделеді.

"Осы қажеттіліктерге алдағы бес жылда республикалық бюджеттен және халықаралық қаржы ұйымдарынан 192 миллиарл теңге жұмсалады", - деді министр.

Бұдан бөлек, он жыл ішінде 3,6 км³ көлемінде су жинақтау үшін 39 жаңа су қоймасы салынады. Ол 70 елді мекен және 137 мың адам үшін су тасқыны қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: