Қазақстанда жаңажылдық корпоративтер өте ме?

Қараша 27, 2020 | 310 |

Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 16 желтоқсан мен Жаңа жылда ойын-сауық және бұқаралық іс-шаралар өткізуге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

E-GAZET.KZ. Tengrinews.kz тілшісі ведомствоға Тәуелсіздік күні мен Жаңа жылға арналған іс-шаралар, сондай-ақ мектептер мен театрларда жаңажылдық шыршалар өткізіле ме деген сауал жолдады.

"Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №58 шектеу карантин шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы" қаулысына сәйкес, ойын-сауық және салтанатты іс-шараларды өткізуге тыйым салынады", - делінген комитеттің жауабында.

Комитет мәліметінше, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны өсуіне байланысты бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: