• Басты бет
  • Қоғам
  • Қазақстанға Ресейден шошқа өнімдерін әкелуге тыйым салынды

Қазақстанға Ресейден шошқа өнімдерін әкелуге тыйым салынды

Желтоқсан 07, 2020 | 126 |

Ресейде шошқаның африкалық обасының тарауына байланысты, елге шошқа етін алып келуге тыйым салынды, деп жазады holanews.kz

E-GAZET.KZ.Ауылшаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің мәліметінше, шошқа мен жабайы қабандарды, олардың етін, өнімдері мен жемазығына дейін шекарадан кіргізуге болмайды.

«Автокөліктерді өткізу бекетіндегі ветеринарлық-санитарлық бекетте ел аумағына өтетін барлық тауарлар мен автокөліктер тексеріледі. Омбы облысында шошқаның африкалық обасы пайда болған елді мекенде 24 желтоқсанға дейін карантин енгізілді. Жағдайды қадағалап отырмыз. Шектеу шаралары эпизоотиялық жағдай түзелгенше дейін алынбайды», — дейді СҚО ветеринария басқармасының басшысы Берік Әлжанов.

Обаның алдын алу үшін шошқа өсіретін шаруашылықтар мен жекеменшік мал иелері арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мамандардың айтуынша, шошқа обасы адамға жұқпайды. Бірақ, ауырған мал емделмейді, тек жою керек. Оған қарсы вакцина әлі табылмаған.

МАЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: