• Басты бет
  • Қоғам
  • Қонаевтың монументін сұрықсыз етіп жасау кімге керек болды?

Қонаевтың монументін сұрықсыз етіп жасау кімге керек болды?

Қазан 22, 2020 | 297 |

Дінмұхаммед Қонавтың жаңа монументі қоғамның қызу талқысына түсуде. Алматы облысының Бақанас ауылына қойылғалы жатқан монумент сәулет өнерінің талаптарынан жұрдай дейді мамандар. Одан қалды, ұлтымыздың біртуар тұлғасын қасақана келеке етті деп сынның астына алып жатқандар көп. Сонымен даулы ескеткіштің авторы кім? Оның айтар уәжі қандай?

E-GAZET.KZ.   Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Алматы облысындағы Бақанас ауылынан жеткен ақжолтай хабар қай қазақты болмасын, қуантқаны рас. Алайда Дінмұхаммед Қонаевқа ескерткіш орнатылады дегеннен елең еткен жұрттың көңілін мына фотосуреттер күпті еткенге ұқсайды. Монумент сұрықсыз шыққан, пропорция дегеннен мүлде жұрдай. Одан қалды қисық һәм талғамсыз. Мүсінге көңілі толмағандардың бірі Олжас Мұхамеди осылай дейді.

Олжас Мұхамеди, мүсінші:

Істеген кісінің анатомияны білмейтіні көрініп тұр. Мысалы, бізге мүсін қою үшін қалада мыңдаған документ жазу керек, конкурс болуы керек. Ал осындай жұмыстар қалай өтетінін мен түсінбей қаламын да.

Кәсіби мүсіншінің сөзінше, туындыда Дінмұхаммед атамыздың басы кішкентай, денесі тым жалпақ әрі ұзын. Тіпті бейнелеу өнерінен бейхабар кісінің жұмысы тәрізді дейді. Мұндай жауапты іске атүсті қараған автордың тапсырысты әділ жолмен алғанына күмәнмен қарайды.

Олжас Мұхамеди, мүсінші:

Өте төмен деңгейде жасалған. Пластика, портреттік профессионалды жұмыс емес ол. Жай бір студент, оқымаған кісінің жұмысы сияқты. Ол қалай заказды алғанын білмей тұрмын. Грубый ошибкалар, енді пропорция. Мысалы өте ұзын болып тұр, басы кішкентай. Фигурасы тұрмай тұр. Идея жағынан ештеңкені көрсетпейді. Жай тұрған бір кісі. Қисық. Қолдары, бәрі диспропорция да. Идеясы ашылмаған. Алматыдағы цирк тұр, тағы бірнеше ғимараттар. Сол ғана Қонаевтың. Масштабты үлкен кісіге.

Кейін белгілі болғандай, Алматы облыстық Мәдениет басқармасы даулы ескерткішке қатысты түсінік берген. Монументтің кемшіліктерін анықтау үшін арнайы жұмыс тобы Бақанас ауылына аттанып та кетіпті.

Әлия Жақыпбекова, облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары:

Бүгінгі күні әлеуметтік желіде шыққан ескерткіштің суреттері мен бізге ұсынылған эскиздік жобадағы суреттердің айырмашылығы анықталып, арнайы жұмысшы топ құрылып, Балқаш ауданының Бақанас ауылына анықтау жұмыстары үшін іссапарға аттанып кетті.

Ал даулы мүсіннің авторы скульптор Алтай Бейсенов болса, біздің көргеніміз монументтің соңғы нұсқасы емес дейді. Яғни әлі де жөндейтін жерлері бар. Айтып өтейік, тәжірибелі мүсінші осыған дейін Тұманбай Молдағалиев пен Мұқағали Мақатаев сынды түлғалардың бюст авторы ретінде танымал.

Алтай Бейсенов, мүсінші:

Бұл жерде толық жұмыс аяқталған жоқ. Барлығы түсіріп соткаға, жан-жаққа шашып жатқанын білмеймін ғой. Әлі пісіретін жерлері бар. Мен өзім жауапкершілікті мойныма алғаннан кейін , әлі толық бітпегеннен кейін әлі ашылуы да болған жоқ. Сол екі арада бәрін көрсетіп жатыр. Айтылып жатқан ескертулердің барлығы дұрыс. Оның барлығын өзгертуге болады деген сенімде айтамын.

Қазақ асылдарының дүйім елге мазақ болғаны алғаш емес. Осыған дейін Семейдегі Жеңіс саябағына қойылған Мәншүк Мәметованың ағаш ескерткіші де қоғамның қызу наразылығын тудырған болатын. Өскемендегі Абай мен Михаэлистің ескерткіші де сәтсіз шыққаны белгілі. Пропорция атаулыдан ауылы алыс ескерткіштердің тағы бірі Мұстафа Өзтүріктің скульптурасы.

Өзге де соңғы жаңалықтар Telegram желісінде, бізге жазыл! 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: