• Басты бет
  • Қоғам
  • Қор болған 140 миллион: дәрігерлерге түкке арзымайтын қорғаныс құралдары алынған

Қор болған 140 миллион: дәрігерлерге түкке арзымайтын қорғаныс құралдары алынған

Қазан 29, 2020 | 139 |

Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті 140 млн теңгеге сатылып алынған сапасыз жеке қорғаныс құралдары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

E-GAZET.KZ.   Бұл ақпаратты Facebook парақшасында Қайырғали Конеев жариялады. Қалалық департамент басшылығы аталған жазбаға қатысты түсініктеме берді. Олардың айтуынша, мамыр айында департамент басшысының міндетін атқарушы Әсел Халықова мен жеткізуші компания арасында құны 90 млн теңгеге дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы басқа да бұйымдар (медициналық костюмдер) сатып алу туралы келісімшарт жасалған. «Казэкспоаудит» ЖШС сынақ орталығының қорытындысына сәйкес тауарлардың сапасы техникалық сипаттамаға сәйкес келмейді. Осыған байланысты 2020 жылдың 23 қазанында департамент Алматы экономикалық сотына құқығын қорғау туралы шағым түсірді. Бұл бұйымдарды қайтару немесе жою мәселесі сот шешімінен соң қолға алынады», - деді департаменттен.

Өзге де соңғы жаңалықтар Telegram желісінде, бізге жазыл! 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: