• Басты бет
  • Қоғам
  • "Құдай мұндай ауруды ешкімнің басына салмасын". Назарбаев туралы жаңа фильм көрсетіледі

"Құдай мұндай ауруды ешкімнің басына салмасын". Назарбаев туралы жаңа фильм көрсетіледі

Қараша 27, 2020 | 805 |

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Хабар" телеарнасына сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

E-GAZET.KZ. Елбасының баспасөз хатшысы жаңа фильмнің тизерін жариялады.

"1 желтоқсанда сағат 21.40-та "Хабар" телеарнасының эфирінде журналист Айгүл Әділованың Елбасының баспасөз қызметі мен Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен жасалған "Портретке штрихтар" деректі фильмінің бірінші сериясының премьерасы өтеді", - деп жазды Айдос Үкібай Twitter желісіндегі парақшасында.

"Құдай мұндай ауруды ешкімнің басына салмасын. Бұл ауырсыну кетпейді де. Ауырған соң мен онда арнайы бардым. Өмірімде бәрі басқаша болуы мүмкін еді", - дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасының баспасөз қызметінің мәліметінше, "Портретке штрихтар" фильмі Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметіне туралы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті тұлғасының бұрын көрерменге белгісіз қырларын ашатын көпсериялы деректі фильм.

Айта кетейк, фильм эксклюзив сұхбат негізінде жасалған.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: