• Басты бет
  • Қоғам
  • Қыздардың бетінен ұрған. Әкімдіктегілер "жаттықтырушының" әрекетіне қатысты пікір білдірді

Қыздардың бетінен ұрған. Әкімдіктегілер "жаттықтырушының" әрекетіне қатысты пікір білдірді

Желтоқсан 15, 2020 | 342 |

Маңғыстау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы әлеуметтік желілердегі видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

E-GAZET.KZ. Облыстық спорт басқармасының мәліметінше, 14-15 желтоқсанда Мұнайлы ауданында волейболдан Маңғыстау облысының аға жаттықтырушысы Н.Г. Вахтинаны еске алуға арналған спорттық іс-шара өткен. Оған көрермендер қатыспаған.

Өңірдің бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, жарыста санитариялық-дезинфекциялық талаптар сақталған.

"Азамат Тұрмағамбетов Жаңаөзен қаласы №3 орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Ол балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы ретінде тіркелмеген. Жарысқа оны ешқандай ұйым жіберген жоқ, ол жеке тұлға ретінде қатысты. Бұл оқиға бойынша тексеру комиссиясы құрылып, А. Тұрмағамбетовқа қатысты шара қолданылады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін Маңғыстау облысында жаттықтырушының дөрекі әрекеті видеоға түсіп қалғаны хабарланған еді.

МАЫЗДЫ АҚПАРАТТРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: