Қызылорда облысында көлден 4 адамның денесі табылды

Желтоқсан 09, 2020 | 273 |

Қызылордада УАЗ автокөлігі көлге батып, 4 адам көз жұмды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

E-GAZET.KZ. Қайғылы оқиға 8 желтоқсанда Қызылорда облысы Арал ауданында Қамыстыбас ауылынан 35 шақырым жердегі Қамбаш көлінде болған. Онда мұз ойылып, УАЗ көлігі суға кеткен.

"Көлікте 7 адам болған. Оның үшеуі көліктен өз күшімен шықты. Құтқарушылар суға батып кеткен 1985, 1981, 1994, 1973 жылы туған 4 адамды іздестірді. Бірақ түнгі уақытта іздестіру жұмыстары тоқтатылды.

9 желтоқсанда таңертең іздеу жұмыстары жалғастырылды.

7 метр тереңдікте (мұздың қалыңдығы 25 сантиметр) УАЗ автокөлігі табылды. Көліктің ішінде қаза тапқан жолаушыдарың денесі болған", - делінген хабарламада.

Құтқарушылар сағат 10.05-те 4 адамның мәйінін полиция қызметкерлеріне тапсырды.

"Іздестіру жұмысына Қызылорда облысы ТЖ департаментінің, полиция департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары және жолаушылардың туыстары (27 адам, 7 бірлік техника) жұмылды", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: