Коронавирус: Көбірек қимылдау керек

Қараша 27, 2020 | 106 |

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адамдардың физикалық белсенділігі артуы керек дейді.

E-GAZET.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адамдардың физикалық белсенділігіне қатысты ұсынымдарын жаңартты. Оларға сәйкес, ересектер жаттығуларға аптасына 300 минутқа дейін уақыт бөлу керек. Бұған дейін 150 минут жайлы айтылған еді. Ал балалар мен жеткіншектер күніне бір сағат жаттығуы тиіс деген кеңес сол күйінде қалады. Қазір пандемия кезінде көбі үйде отыруға мәжбүр. Сондықтан мамандар аталған ұсынымдарды орындау аса маңызды дейді. Айтуларынша, адамдар көбірек қимылдаса, жылына өлім санын 5 миллионға дейін азайтуға болар еді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикасына сәйкес, ересектердің 25 проценті және жеткіншектердің 80 проценті физикалық белсенділік таныпайды екен.

ДДСҰ денсаулықты нығайту департаментінің директоры Рюдигер Креч: "Адамдардың физикалық белсенділігінің азайып, аз қозғалуы салдарынан 2016 жылы оларға медициналық көмек көрсету үшін қосымша 54 миллиард доллар жұмсалған. Ал жұмыс өнімділігінің төмендеуі кесірінен экономикаға 14 миллиард доллар шығын келді. Сондықтан тағы да ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде дегіміз келеді. Көп қозғалсаңыздар, тек жүрек аурулары, қатерлі ісік пен қант диабетінің ғана алдын алып қоймайсыздар. Сондай-ақ күйзеліске жол бермей, есте сақтау қабілетіңізді жақсартуға да болады", - деді. 

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: