Коронавирусты кімдер аз жұқтырады?

Қараша 02, 2020 | 283 |

Зерттеушілер көзілдірік тағатын адамдарда коронавирус жұқтыруы мүмкіндігі аз екенін айтады. Биология ғылымдарының докторы, НМУ Бионанотехнология, Микробиология және вирусология зертханасының меңгерушісі Сергей Нетесовтің сөзінше, бұл қорытындыны Қытай ғалымдары жасаған деп хабарлайды Российская газета.

E-GAZET.KZ.Нетесовтың сөзінше, зерттеу бойынша Қытайда көзілдірік тағатын адамдар коронавирусты бес есе аз жұқтырған.

"Қытайда мұндай жағдайлар көп, өйткені линза аз тағады, бірақ көзі нашар көретін адамдар көп. 80 пайыздан көбі көзілдірік тағады. Ал науқастардың ішінде 10 пайызы ғана көзілдірік тағатындар болды", - дейді ол.

Одан бөлек, маман маска тағу керегін еске салды.

Айтуынша, коронавирусты тасымалдаушы мұрын мен көздің шырышы. Сондықтан, мұрыңды жаппаса, маска таққанынан пайда жоқ. Дәм сезудің жоғалуы коронавирус тыныс алу жолы арқылы жұққанын білдіреді екен. Бұл- ең көп тараған түрі.

"Маскалардың тиімділігі туралы көптеген қарама - қайшы пікірлер жарияланды. Бір зерттеудің алғашқы қорытындылары ауру жұқтырғандардың 85 пайызы масканы үнемі немесе жиі тағатынын көрсетті. Алайда осы 85 пайыздың жартысы отбасы мүшелерінен жұқтырған. Үйде олар, әрине, маска таққан жоқ", - дейді Сергей Нетесов.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

·        Елімізде бір тәулікте 442 адам коронавирус жұқтырды

·        Англияда екінші рет локдаун жарияланды

·        Жемқорлар туралы хабарлаған бес шымкенттік 1 млн теңгені бөліп алды

·        Қазақстанда ұн қымбаттауы мүмкін

·        Тайваньда 6 айдан бері коронавирус жұқтырған адам тіркелмеген

·        Шымкент полициясы Желіден 50 порносайт тапты

 

 

 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: