Малшы 67 қой ұрлау үшін сұмдық өтірік ойлап тапты

Қазан 23, 2020 | 164 |

Ағымдағы жылдың 20 қазанында Кербұлақ АПБ кезекші бөліміне Жоламан ауылдық округінің шаруа қожалықтар бірінің 65 жастағы басшысы 67 бас ұсақ малын белгісіз тұлғалардың ұрлап әкеткені туралы арызданған, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

E-GAZET.KZ.   Шығынның жалпы соммасы 3 млн теңгеден астам. Аталған дерек ҚР ҚК 188-1-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді.

"Шабуыл таңғы сағат 04.00 шамасында болған. Онда малшы болып жұмыс істейтін ер адамның түсініктемесінен бірнеше белгісіз ер адамдардың шаруа қожалық аумағына кіріп, қойларды көлікке тией бастағаны анықталды. Жауап алу барысында малшы өз сөздерінен шатаса бастаған, ал бұл тергеуде көптеген күмән тудырды. Тергеушілер оның айтқан барлық дәлелдерін тексеріп, оқиғаның нақты мән жайын анықтады. Осылайша, әшкереленген малшы өз әрекетін толық мойындап, шаруа қожалығының 67 қойын сатып алушыға өзінің малы ретінде екі партияға бөліп сатқанын жеткізді. Соңғы рет, 20 - қазанда, малды алып кеткен сәттен 2,5 сағат өткеннен кейін, ол иесіне белгісіз адамдардың шабуылы туралы хабарлаған", - дейді Кербұлақ АПБ бастығы полиция подполковнигі Ербол Ахметқалиев.

Бұл айқын емес қылмыс бір күн ішінде ашылды. Рас, ұрланған малдың барлығын иесіне қайтару мүмкін болмады, өйткені ұрланған малдың бір бөлігі етке сатылған. Ұрлықтың ашылғаны туралы білген қожайын тірі қалған қойларды қайтару кезінде өзінің бейне-үндеуі арқылы полицейлерге кәсібилігі үшін алғыс білдірді. Олардың қажырлы еңбектеріне табыс тіледі.

Күдікті ҚР ҚІЖК 128-бабына сәйкес бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілгенге дейін УҰО-ға қамаққа алынды.

Өзге де соңғы жаңалықтар Telegram желісінде, бізге жазыл! 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: