• Басты бет
  • Қоғам
  • Мамин зейнет жасын 60 жасқа дейін төмендету туралы ұсынысқа жауап берді

Мамин зейнет жасын 60 жасқа дейін төмендету туралы ұсынысқа жауап берді

Қараша 09, 2020 | 358 |

Премьер-министр Асқар Мамин «Халық коммунистері» фракциясы депутаттарының зейнет жасын 60 жасқа дейін төмендету туралы ұсынысына жауап берді.

E-GAZET.KZ.   «Қалыптасқан экономикалық жағдай, халықаралық тәжірибе, экономикалық және демографиялық факторлар негізіндегі ұзақмерзімді болжамдарды ескеріп, зейнет жасын ұлғайту қажеттілік болып табылады», — делінген Маминнің депутаттық сауалға берген жауабында.

Ол зейнеткерлер санының жұмыс істейтін халыққа арақатынасы өсіп жатқанын атап өтті.

«Әлемде 65 жастан асқан азаматтардың орта есеппен 10%-тен астамға ұлғайғаны болжанып отыр (2000 жылы 14,3%-тен 2040 жылы 25,7%-ке дейін). Бұл, өз кезегінде, зейнетақы жүйесінің орнықтылығына әсер етеді», — деді премьер.

Мамин зейнет жасын көтеру «әлемде қалыптасқан экономикалық және демографиялық ахуалға, сондай-ақ, халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді» деп санайды.

Бұған дейін мәжілістегі «Халық коммунистері» фракциясы зейнет жасын 60 жасқа дейін төмендетуді ұсынған еді.  Осыған байланысты «Халық коммунистері» фракциясы азаматтардың зейнеткерлікке шығу жасын қайта қарауға шақырды.

Қазақстанда 2018 жылдың қаңтарынан ерлер мен әйелдердің зейнет жасын теңестіру жұмысы басталды. Заңға сәйкес, 2027 жылға дейін қазақстандық әйелдердің зейнет жасына жарты жылдан қосылып отырады. Ал ерлер үшін ештеңе өзгерген жоқ – олар зейнет демалысына бұрынғыдай 63 жаста шығады.

Десе де, кейбір әйелдердің зейнет жасы өзгермейді. Олардың ішінде көпбалалы аналар және Семей ядролық полигонында тұрған әйелдер бар.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: