Мәжіліске ары таза, жақсы адамдар келуі мүмкін бе?

Қазан 22, 2020 | 179 |

Келер жылы Парламенттің құрамы жаңарады. Алдағы жылдың 10 қаңтарында елімізде Мәжіліс депутаттарының сайлауы өтетін болады. Мұндай Жарлыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Заң шығарушы органға оппозициялық партия өкілдері де келмек. Сондай-ақ, бұл саяси науқанда Мәжілістегі жастар мен әйелдер үлесі де артады. Халықтың сайлау туралы ойы қандай? Саясаттанушылар не дейді?

E-GAZET.KZ.   Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Былтырдан бері Мәжіліс сайлауы әне болады, міне болады деп саяси болжам жасағандар көп болған еді. Бірақ, ешқайсының жорамалы дұрыс шықпады. Сачи науқан заңда белгіленген мерзімінде өтетін болды. 2021 жылдың 10-шы қаңтарында. Алдағы сайлау бұрынғылардан өзгерек болғалы тұр. Өйткені Парламентте оппозициялық партиялар да енеді. Олардың құқықтарын Президент қазақстандықтарға арнаған үндеуінде айшықтап берді.

Бұдан бөлек, оппозициялық фракциялар жетекшілеріне палаталардың бірлескен, Мәжілістің пленарлық, комитет, жұмыс топтарының отырыстары мен парламенттік тыңдауларда сөз сөйлеу құқығы болады. Сондай-ақ бұл саяси науқан кезінде Парламенттің төменгі палатасына жастар мен әйелдер үлесі артпақ.

Қазыбек Майгелдинов, саясаттанушы:

Ең біріншіден бұл алдағы Мәжіліс сайлаулары негізгі үш өзгешілігі бар. Бірншісі, міндетті түрде 30 пайыздық квота жастар мен әйелдерге беріледі. Бұл қандай нәтижеге алып келеді? Бесінші шақырылымдағы мәжілістің құрамы орта жасы 55 жас. Ал, жастардың 30 пайызы сақталатын болса, мәжіліс жасарады деген сөзі.

Ал, өзге сарапшылар мәжіліске шын халық жанашырлары келеді деп үміттенеді.

Қайрат Жанайбеков, ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары:

Осы Парламент Мәжілісінде болған көптеген депутаттарды білеміз. Бірақ та олардың қандай маңызды сұрақпен айналысқанын халық білмейді. Сондықтан қоғам белсендісі, халыққа жаны ашитын тұлғалар келсе, жастар келсе, соған бүгінгі саяси науқан үкен септігін тигізеді деген ойым бар.

Елімізде ресми тіркелген 6 саяси партия бар. Олар: "Nur Otan" партиясы, "Ақ жол" демократиялық партиясы, Қазақстан халықтық коммунистік партиясы, "Ауыл" ұлттық-демократиялық партиясы, "Бiрлік" саяси партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы.

Ал, бүгінгі Парламенттің Төменгі палатасының құрамы алғашқы атаған үш партияның депутаттарынан жасақталған. Мәжілісте жалпы саны 107 халық қалаулысы бар. Оның 98-і саяси партиялық тізіммен сайланса, қалған 9-ы - Қазақстан халқы ассамблеясынан құрамынан қосылады. Ал, алдағы сайлауда кімнің "халық қалаулысы" болатыны қазақстандықтардың таңдауына тікелей байланысты. Өйткені, дауыс беру құқығы бар әрбір ел тұрғыны жоғарыда атаған 6 партияның біріне қолдау білдіре алады. Осы орайда, халықтың Мәжілістегі сайлауына қатысты пікірін білдік.

"Иә, әрине қатысқанмын. Иә, аха. Құдай қаласа, барам".

"В Мажилис впервые буду. Я надеюсь, да. Потому что женщины должны быть в парламенте".

Сауалнамаға қатысқандар арасында саяси науқаннан бейхабар тұрғындар да табылды.

- Сіз Мәжіліске қалай сайланатынын білесіз бе?

- Білмеймін, хабарым жоқ.


- Сіздің Мәжіліс сайлауынан хабарыңыз бар ма?

- Хабарым жоқ. Береміз дауыс"

Әлеуметтік желілерде пандемия кезінде сайлау өткізген қаншалықты дұрыс деген ойлар да айтылуда. Интернетті ақтарып қарасақ, сайлауды осындай қиын-қыстау кезінде өткізіп жатқан тек Қазақстан емес. Оның үстіне бұл саяси науқан серзімінен бұрын емес, өз уақтысында болғалы жатры.

Жер бетінде коронавирус дендегеніне қарамастан, әлемнің 56 елінде түрлі деңгейдегі сайлау өткен. 21-ші ақпаннан 11-ші қазанға дейін АҚШ, Германия, Франция, Польша, Оңтүстік Корея, Австралия сында мемлекттер өз таңдауын жасаған.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында Мәжіліс депутаттарының сайлауы 6 рет өткен. Бірінші рет 1995 жылы, соңғы шақырылым 2016 жылы. 3 рет саяси науқан кезектен тыс өткен еді. Ал, бұл жолғы бастама өз бегіленген мерзімді өтейін деп отыр. Оның ашық әрі әділ болуын Орталық сайлау комиссиясы мен Бас прокуратураға жүктелген.

Өзге де соңғы жаңалықтар Telegram желісінде, бізге жазыл! 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: