• Басты бет
  • Қоғам
  • Мұғалімдерге қырындаған мектеп директорының үстінен шағым түсті

Мұғалімдерге қырындаған мектеп директорының үстінен шағым түсті

Желтоқсан 04, 2020 | 395 |

Екібастұзда № 9 мектептің мұғалімдері директорға өздеріне тиісті деген шағым түсірді, – деп жазадыaikyn.kz  «Караван»-ға сілтеме жасап.

E-GAZET.KZ. «Мектеп директоры Талғат Ахметовтың қылығы маған ерсі көрінді. Қолайлы сәтте ол сені бетімнен сүйіп, белімнен құшақтап, арқамнан сипайтын. Желтоқсанда істелген жұмыс туралы есеп алып келіп едім, ол менің қолымды сипап, жібермей қойды. 29 қаңтарда мен қол қойылған грамоталарды алуға барғанымда ол тағы қолымнан ұстап, тиіспек болды. 3 ақпанда мен директорға көркем еңбек мұғалімі ретінде  мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап азық қорабын әзірлеуге көмек сұрап кірдім. Сабақтан соң ол маған шеберлік сыныбына баруға шақырды. Одан шығатын кезде ол менің шығуыма кедергі келтіріп, мені сүйе бастады, тиісті», – делінген Павлодар облысы әкімінің ресми парақшасында орналастырылған  № 9 мектеп физика пәнінің мұғалімі Дина Мұқатаеваның шағымында.

Шағым Екібастұздың кәсіподақ бөліміне, одан кейін білім бөліміне жіберілді. Алайда жауап тек жарты жылдан соң келді. Онда шағым коронавирусқа қатысты жағдай жақсарған соң, карантин алынған соң қаралатыны айтылған.

Осы уақыт кезінде осы мектепке жұмысқа орналасқан тағы бір мұғалімге директоры тиіскені белгілі болды. Қазанда ол білім бөліміне бастығының қылығына қатысты шағым түсірді. Бұл шағым да жауапсыз қалды.  Депутаттар, полицейлер және прокурорлар орта мектепке тексеру жүргізуге келмеген.

Білім және ғылым министрлігіне шағым түскен соң мектепте тексеру басталды. Терсеру нәтижесі жақында жарияланды.

Алайда ведомство өкілдері бұндай жағдайға бірінші рет кездесіп отырғандарын айтады. Білім туралы заңда мұғалімге тиісуге қатысты шара қолдану туралы жазылмағанын алға тартыпты. Мұғалімге тиіскен басшы әкімшілік жауапкершіліке тартылды, айыппұл салынды дейді.

Ал директордың өзі болса, мұғалімді қолынан, арқасынан сипауды ынталандыру деп есептейді екен. Айтуынша, жұмыста өте талапшыл болғандықтан да, оны жақтырмағандар осылай қаралап отыр.

Енді екі тарап та сотта өз сөздерін дәлелдейтін болады.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: