• Басты бет
  • Қоғам
  • Оңтүстік Кореяда қайтыс болған отандасымыздың денесін туыстары елге жеткізе алмай отыр

Оңтүстік Кореяда қайтыс болған отандасымыздың денесін туыстары елге жеткізе алмай отыр

Қараша 10, 2020 | 448 |

Оңтүстік Кореяда бір апта бұрын жол апатынан ажал құшқан отандасымыздың денесін туыстары елге алдыра алмай жатыр. Марқұмның денесі кешіккен сайын туыстарының уайымы да ұлғайып барады деп хабарлайды КТК арнасы.

E-GAZET.KZ.  "Қазіргі бізге айтып отырған уақыты 17-ші қараша күнгі жүк тасымалдаушы ұшақ болып отыр. Қай қазақ қайтқан адамды 15 күн ұстайды айтыңызшы! Жан дегендегі жалғыз ағам. Анам болса 2-ші дәрежелі мүгедек", - дейдің марқұмның інісі.

22 жастағы Бейбарыс Арын былтыр қазан айынан бері Оңтүстік Кореяда жұмыс істеп жүрген екен. Бір апта бұрын ол мінген көлік апатқа ұшырап, отандасымыз сол жерде көз жұмған.

Содан бері туыстары оның денесін алдыру үшін ел-жұрттан жылу жинауға мәжбүр болған. Қажетті 2 миллион 600 мың теңге табылғанда, ұшақта орын болмай шыққан.

Тек, елшіліктің араласуымен денесі бүгін елге жеткізілуі мүмкін. Кейін өзі туып-өскен Арыс қаласына жерленбек. Оның артында мүгедек анасы, екі қарындасы мен інісі қалды.

Дереккөз КТК арнасы

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАРДАН ҚҰР ҚАЛМА!

БІЗДІҢ TELEGRAM-ҒА ЖАЗЫЛ!

Өзге де өзекті мақалалар:

·         Елімізде бір тәулікте 564 адамнан коронавирус анықталды

·         Қазақстанда тағы бір облыс "қызыл аймаққа" енді

 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: