Оралда 32 жастағы әйел көпірден секіріп кетті

Қазан 26, 2020 | 63 |

Оралда 32 жастағы әйел көпірден секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

E-GAZET.KZ.   БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің айтуынша, оқиға бүгін Шаған өзенінен өтетін көпірде, «Динамо» базасы ауданында болды.

Көпірден секіріп кеткен әйелді ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517-әскери бөлім қызметкері Асқар Нұрғалиев құтқарып қалды.

«Қазіргі кезде ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігіне (өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Нақты ақпарат кейін берілетін болады», деді ҚазАқпарат тілшісіне Б.Белгібеков.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 11.30-да шақырылды.

Денесі тоңған әйел қалалық көпбейінді ауруханаға жатқызылды.

Өзге де соңғы жаңалықтар Telegram желісінде, бізге жазыл! 

Сілтемемен бөлісу
Қалай бөлісуге болады

Біз әлеуметтік желілерде: